Қара теңіз жағалауындағы Сочи курортының маңайында апатқа ұшыраған ұшақтың қирандылары табылды

Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің деректеріне қарағанда, аман қалған жолаушылардың бар-жоғы белгісіз, әзірге сегіз адамның денесі табылды. Алдын-ала мәліметтер бойынша, Ереван-Сочи бағытында ұшып бара жатқан ұшақтың бортында 100 жолаушы болған. Сочи әуежайына қонар кезде апатқа ұшыраған ұшақ Армения әуе жолдарына қарасты болған. Қазір апат маңайында іздестіру шаралары жалғасуда.