Аэробус Ереваннан Сочиге ұшып бара жатқанда Қара теңізге құлаған. Ресей төтенше жағдайлар министрлігі апаттың себебі нашар ауа райы болған деп хабарлады. Әзірше теңізден 40 шақты жолаушының мәйіті табылған. Ал мамырдың 5-і Арменияда аза күні деп жарияланды.