Еуропа одағының президенті Ирандағы адам құқықтарының аяқ асты болуына байланысты ерекше алаңдаушылық білдірді

Одақ тұтқында отырған адам құқықтары белсендісі Солтанидің үстінен әділ сот өткізілуін Ираннан талап етеді. Сондай-ақ, Еуроодақ соңғы кездері көбейе түскен кісі өлтіру әрекеттерін айыптады. Ал Ресей сыртқы істер министрі Лавровтың айтуынша, ядролық бағдарламасына байланысты Иранды қауіпті деуге Ресейдің негізі жоқ екен.