Кеше Ирақтың Кербала қаласында бомбамен нақышталған автокөлік жарылып, кем дегенде 15 адам қаза болды. Осы күні Бағдадтың маңындағы негізінен сүнниттер тұратын Аадһамия қаласында жанкешті-лаңкес отырған автокөлік көкке ұшып, одан кемінде тағы 8 кісі көз жұмды. Оған қоса кеше Бағдадтың 2 ауданынан денелерінде тиген оқтың іздері бар 43 кісінің өлігі табылды. Ирақтағы мұндай қантөгіс жаңа премьер-министр Нури Әл-Мәлики ұлтты біріктіретін үкіметті жасақтап жатқан кезде орын алып отыр.