Бүгін Ресей мен бұрынғы совет елдері ІІ Дүниежүзілік соғыстың 61 жылдығын атап өтуде

Ресей президенті осы күнді пайдаланып, Ресейде нацистер мен басқа да ұлтшыл экстремистерге жол берілмеуі керек деп мәлімдеген. Бүгін Мәскеудің қызыл алаңындағы әскери парадқа Екінші Дүниежүзілік соғыста нацистерді жеңгеніне 61 жыл толғандығын атап өтіп 6 мың әскер шықты.