Путин мен Каримов Сочиде кездесуде

Бүгін Өзбекстан президенті Ислам Каримов Ресейдің курортты қаласы Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізіп жатыр. Олар екі жақты және сауда мәселелерін, Орта Азиядағы қауіпсіздік жағдайын талқыламақшы. Сондай-ақ, президенттер маусымның 15-інде Қытайда өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті аясындағы ынтымақтастықты талқылауды жоспарлаған.