Ауғанстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының көлігіне зымыран атылды

Ауғанстанның Герат қаласының маңында Біріккен Ұлттар Ұйымының мәшинесіне зымыран атылып, екі ауғандық азамат қаза тапты. ЮНИСЕФ балалар қорында жұмыс істейтін бір ауғандық азамат қатты жарақат алды. Олар дәрігерлік қызмет бабында Герат қаласына кетіп бара жатқан.