Қырғызстанға кіріп кеткен қарулы адамдарға қарсы операция аяқталды

Қырғызстан ресми орындары ел оңтүстігіне Тәжікстаннан кіріп кеткен қарулы адамдарға қарсы операция аяқталды деп жариялады. Кеше түстен кейін болған шайқаста төрт қарулы адам өлтірілді, біреуі қолға түсті. Қырғыз полициясының екі офицері жарақат алды. Қырғыз жеріне кіріп кеткен адамдар кеше алдымен тәжік шекара бекетіне шабуыл жасаған, бірнеше автоматты қолға түсіріп, сосын қырғыз шекарашыларына шабуыл жасаған. Олардың қолынан үш тәжік шекарашасы және екі қырғыз шекарашысы қаза тапты.