Әзірбайжанда кеше он сайлау аймағында қосымша парламент сайлауы өтті

Оппозициялық "Мұсават" партиясы төрағасының орынбасары Ариф Қажылы сайлау барысында бұрмалаушылық орын алды деді. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Илхам Мамедов кейбір "аздаған" заң бұзу деректері хатталды, олар сайлау қортындысына әсер тигізбейді деді. Қараша айында өткен негізгі парламенттік сайлауда президент Ильхам Әлиевтің партиясы жеңген болатын. Оппозиция мен халықаралық бақылаушылар сайлау жаппай бұрмаланған дейді.