Әзірбайжандағы сайлау қалай өтті?

Сайлауларды бақылау жөніндегі Еуропа Кеңесінің басшысы Лео Платвоет Әзірбайжанда сенбі күні өткен қосымша сайлаулар қараша айындағы сайлауға қарағанда жақсырақ болды деп мәлімдеді. Бірақ сайлау барысын толығымен бақылай алмадық деп атап көрсетті Платвоет. Қарашаның 6-да болған парламенттік сайлауларда кейбір учаскелерде заңбұзушылық болды деп, парламенттегі 10 орын үшін қайта сайлау өткізілген болатын. Оппозицияның айтуынша, бұл сайлау да әділ өтпеген.