Футболдан қай ұлттық құрама әлем чемпионы болады?

БРАЗИЛИА. Футболдан Бразилияның аты аңызға айналған жұлдызы Пеле немесе Эдсон Арантес до Насименто – таяуда Германияда басталатын Әлем біріншілігінде Бразилия құрамасының жеңіске жету мүмкіндігі зор деп ойлайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Италия мен Англияның және Францияның да Әлем Кубогіне қол жеткізу мүмкіндігі де аз емес.