Беларусь басшылары АҚШ-қа бара алмайтын болды

ВАШИНГТОН. Америка президенті Дж.Буш Беларусь басшылығының АҚШ-қа келуіне тыйым салды. Буш мұндай шешімін наурыз айында Беларусьте болып өткен президент сайлауы барысында демократия ережелерінің өрескел бұзылуымен, адам құқықтарының аяққа тапталуымен және осы елдегі жемқорлықтың кең етек жаюымен байланыстырады.