Американдық әскерилер Ауғаныстандағы әуе шабуылдарына тергеу жүргіземіз деді

АҚШ әскерінің ресмилері Ауғаныстанның Қандағар провинциясында Құрама Штаттар күштерінің осы аптада тәліптерге қарсы әуеден берген соққысынан 16 бейбіт тұрғын қаза болған жағдайға толық-қанды зерттеу жүргізуге уәде берді. Штаб басшыларының біріккен комитеті жетекшісінің орынбасары генерал Картер Хэм, Құрама Штаттар бейбіт тұрғындардың құрбан болғаны туралы оқиғаға шындап алаңдап отыр.