Тегеранда студенттер толқып жатыр

Иран астанасында Тегеран университеті мен Әмір Қабыр университетінде бүгін тағы да студент ереуілдері бұрқ ете түсті. Түнде полициямен қақтығыс болды, бірнеше адам жарақат алды. Тегеран полициясының бастығы түнгі қақтығыстарда шамамен 40 полиция офицері жеңіл жарақат алды деді. Студенттер университтердің ректорларының ауыстырылғанына және кейбір профессорлардың зейнетке шығарылып жібірілгендеріне наразы, дейді Франс пресс агенттігі.