Палестина президенті Махмуд Аббас референдум өткізуге шақырмақшы

Биліктегі Хамас партиясымен 10 күн ішінде ешқандай келісімге қол жеткізілмесе, Палестина мемлекетінің болашағы жөнінде осындай қадам жасалмақшы. Референдумда ол мемлекет құрамына Батыс жағалау, Газа аймағы және Шығыс Йерусалимді қамту жөнінде ұсыныс жасалатын болады.