Нобель сыйлығының иегері үй тұтқыны болып отыр

Мьяньмар елінің әскери режимдегі үкіметі оппозиция жетекшісі Ауң Сан Су Ки ханымды әзірге үй тұтқынында ұстай бермек. Халықаралық Нобель сыйлығының иегері Су Ки бүгін үй тұтқындығынан босатылуы тиіс болатын. Бірақ, ресми үкімет ол режимді тағы да 1 жылға ұзартты. Соңғы 17 жыл өмірінің 10 жылын абақтыда өткізген Мянмарлық қайраткердің азат етілуін БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан да талап еткен болатын.