Рим Папасы христиандармен және еврейлермен бірге Құдайға құлшылық етті

БЖЕЗИНКА. Рим Папасы 16-ншы Бенедикт Польшаға барған сапарының аяғында, кеше, неміс фашистерінің бұрынғы “Освенцим-Бжезинка” концлагерінде болып, кезінде католик священнигі - әулие Максимиллиан Колбенің өлім күтіп отырған камерасына кіріп дұға оқыды. Әулие Колбе – өзін соңында бала-шағасы қалған басқа тұтқынның орнына құрбан етті. Освенцимге сапары барысында понтифик концлагердің бұрынғы тұтқындарымен ғана тілдесті. Содан кейін Рим Папасы Бжезинка мекеніне келіп, христиандармен және еврейлермен бірге Құдайға құлшылық етті.