Рим папасы Бенедикт өзінің Польшаға сапарын аяқтарда Освенцим лагеріне барады

Ол лагерде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1,5 млн адам өлтірілген болатын. Бақылаушылар понтификтің бұл лагерге баруына маңыз беріп отыр. Ұлты неміс Бенедикт 16-шы Адольф Гитлер режимі құлар алдында армияға шақырылған. Оның сөзіне қарағанда, оның діни қызметші болуына нацистердің қатыгездігі негіз болған.