Иран өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартпайды

Бұл жөнінде бүгін рухани көсем Аятолла әли-Хаменей тағы да қайталады. “Иран инженерлері болашақты қамтамасыз ететін энергия көзін тапты. Олардың шеберліктеріне- рахмет. Бұл бағыттан шегіну 100 пайыз зиянға әкеледі”, дей келіп ол мұндай жетістіктен қандай жағдайда да бас тартпау керек, деді. Аталған мәлімдеме Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Игорь Ивановпен сөйлесуден кейін жасалды.