АҚШ әскері шынында да қарапайым ирақтықтарды өлтірген бе?

АҚШ әскерлері өткен жылы Хадиса қаласында 24 қарапайым ирақтықты өлтірді деген мәлімет бойынша Ирақ үкіметі тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізетін болды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Нури Камил әл-Малики мәлімдеді. АҚШ әскері басында Хадиса қаласындағы қарапайым халық жарылыстан қаза тапты деген болатын. Қазір ол оқиға тексерілуде. Тергеу жұмыстары аяқталған соң оның нәтижесі жарияланады, деді Ақ Үй өкілі.