БУХАРЕСТ. Бүгін Бухарест қаласында Қара теңізді жағалай орналасқан Румыния, Украина, Молдова, Грузия, Армения және Әзірбайжан президенттері Орта Азиядан Еуропаға қуат көздерін тасымалдаудың қауіпсіз әрі тұрақты жаңа бағыттарын ашу мүмкіндігін талқылайды. 6 жақты келіссөз барысында Қара теңіз аймағының қауіпсіздігі мен Армения мен Әзірбайжан арасындағы “Таулы Қарабах мәселесі” де сөз болуға тиіс.