Ирақ астанасында 50 адам ұрланды

Бағдадта полиция формасын киген қарулы адамдар кемінде 50 адамды ұрлап әкетті. Бұл оқиға жөнінде әзірше егжей-тегжейлі мәлімет жоқ. Ирақ ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға полиция қызметкерлерінің қатысы бар деген хабарды жоққа шығарды.