Қырғыз президенті Қ.Бәкиев Бежинде Қытай лидерлерімен келіссөз өткізеді

БІШКЕК. Бүгін Қырғызстан президенті Қ.Бәкиевтің Қытайға 2 күндік сапары басталады. Оның барысында қырғыз лидері Қытай жағымен сауда-саттық, экономикалық ынтымақтастық, денсаулық сақтау және мәдениет салалары бойынша көптеген келісімге қол қоймақшы. Қ.Бәкиев Қытай лдері Ху Цзиньтяомен, Мемлекеттік кеңестің төрағасы Вэнь Джибаомен және басқа да ресми өкілдермен келіссөз өткізуге тиіс.