Қырғызстан президенті Құрманбек Бақиев Қытайда екі күндік сапармен жүр

Бақиев бүгін президент Ху Дзинтао, мемлекеттік кеңес төрағасы Уен Жиабаомен кездесті. Құрманбек Бақиев ертең Қырғызстан-Қытай сауда және экономика форумында сөйлемек. Қырғызстан мен Қытай арасында бірнеше келісімге қол қойылады деп күтіліп отыр.