Иранның ядролық басты келісімгері мұсылман елдерін өз ядролық бағдарламаларын құруға шақырды

Иранның ядролық бағдарламасы бойынша батыспен келіссөздердегі өкілі Али Ларижани Каирға келісімен осындай үндеу тастады. Ал Техранда Сыртқы істер министрі Манучер Моттаки ядролық бағдарлама төңірегіндегі дағдарысты шешу үшін Иран өз ұсыныстарын дайындайды деп атап көрсетті. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі мен Германияның жасаған ұсыныстар пакетінде Иранға уранды байыту ісінен бас тарту ұсынылған болатын.