Түркияның Еуроодаққа қабылдануы әлі де екіталай болып тұр

ЛЮКСЕМБУРГ. Бүгін Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері Люксембургте жиналады. Оның барысында Түркияның Еуроодаққа қабылдану мүмкіндігі мәселесі талқылануға тиіс. Гректердің Кипр республикасы егер ресми Анкара Никосиямен арадағы қарым-қатынасын түземесе, Түркияның Еуроодаққа қабылдануы туралы келіссөзге бөгет болатынын ескертіп отыр. Ал Түркия гректердің Кипр республикасын мойындамай, аралдың түрік бөлігін қолдайды.