Түркия Сыртқы істер министрі Абдулла Гүл дүйсенбі күні Люксембургке келді

Осының алдында ғана Еуропа одағына мүше 25 елдің Сыртқы істер министрлері Түркияның ұйымға мүшелігі жөніндегі келіссөздерді бастауға келіскен болатын. Бұл қадамды Гүл мырза “бетбұрысты кезең” деп бағалады. Кипрдің осы мүшелікке қарсы болып келе жатқаны белгілі.