Кабулда АҚШ көлігі тағы да жол апатына ұшырады

Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулда АҚШ-тың әскери көлігі бір мотоциклге ұрылды. Оның салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты. Ал өткен аптаның басында да Кабулда АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштерінің бір көлігі жол апатына ұшырап, бірнеше ауғандық қаза тапқан соң, елде толқулар басталып кеткен болатын.