“Қызыл Крест” комитеті Гуантанамоға адамдарын жібермекші

Халықаралық Қызыл Крест комитеті алдағы күндері АҚШ-тың Гуантанамо абақтысына бір топ адамын жіберетін болды. Гуантанамодағы лаңкестікке қатысты күдікпен қамауда ұсталып отырғандардың үшеуі өзіне-өзі қол жұмсап, сенбі күні камераларында өлі күйінде табылған болатын. Қызыл Крест тобы әлгі оқиға бойынша тергеу жұмыстарын жүргізбейді бірақ ол жағдай туралы қамаудағылармен сөйлеседі деді комитет өкілі Антонелла Нотари.