Бүгін Санкт-Петерборда халықаралық экономикалық форум басталды

Ал кешірек Ресей президенті Владимир Путин Грузия президенті Михаил Саакашвилимен кездеседі. Ресми Кремль өкілі бұл кездесу екі ел арасындағы теке-тіресті жеңілдетуге көмектесуі тиіс, бірақ одан нақты нәтиже болады деп күтпейміз деді. Грузия Ресейді Абхазия мен Оңтүстік Оссетиядағы сепаратистік үкіметтерді қолдауда деп айыптайды. Ал Ресей болса Грузияның Батыспен жақынырақ қарым-қатынас жасау әрекеттерін жақтырмайды.