Бағдадта қауіпсіздік күштерінің 75 мыңға жуық өкілі орналастырылмақ

Ирақ астанасындағы қауіпсіздік жағдайын жақсарту мақсатында Бағдадқа қауіпсіздік күштерінің он мыңдаған өкілі орналастырылатын болды. Осындай қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылсын деп елдің премьер-министрі Нури Камиль әл-Малики бұйрық берді.