Полицияның айтуынша Ресейде Қырғызстанның 10 азаматы соққыға жығылған

Калининград облысында құрылыста жұмыс істеуге жалданған қырғызстандықтарды жекеменшік фирманың күзетшілері ұрып, таяққа жыққан. Зардап шеккендердің бесеуі қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Жәбір көрсетушілер ұсталған, тергеу амалдары жүргізілуде.