Әл-Қаиданың Ирақтағы жаңа жетекшісінің тұлғасы анықталды

АҚШ әскери басшылығының деректеріне қарағанда ол Ауғанстанда жаттығу-дайындықтан өткен мысырлық Абу Айуб әл-Масри екен. Әл-Қаиданың өтініштерінде жақында АҚШ күштерінің шабуылы кезінде қаза тапқан Абу Мұсаб әз-Зарқауидың орнын басқан жаңа жетекшінің аты-жөні Абу Хамза әл-Мухажир деп берілген. Ирақ шенеуніктері әз-Зарқауидың өлімі - Әл-Қаиданың Ирақтағы ғұмыры таусылғандығының басы деп атады.