Бүгін Шанхайда Иран президенті Махмұд Ахмединeжад Қытай президенті Ху Жиңтаомен кездеседі

Екі ел басшысы Иранға уран байытудан бас тарту жөнінде түсіп жатқан ұсыныстар төңірегінде пікір алысатын болады. Ахмединeжад ядролық мәселені Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті арасында Ресей президенті В.Путинмен де талқылап, әңгімелескен болатын.