Ұлыбританияда кеше патшайым Елизаветаның 80 жылдығы кеңінен аталып өтті

Мерейтой құрметіне Лондонның орталығында патшалық ұландар шеруі өткізілді.Шеруден кейін әуе күштері сап түзеп, көк аспанда қалықтады. Салтанатты тамашалауға мыңдаған адам көшеге шықты. Елизавета екіншінің туған күні сәуірдің 21-і, ал бірақ патшайымның туған күні ресми түрде ауа райының қолайлы кезі - маусымда тойланады.