ВАШИНГТОН. Кеше Ақ үйдің хабарлағанындай, алдағы 7 жылда АҚШ пен Ресей жойқын қаруды лаңкестердің қолына түсірмеу бағдарламасын кеңейтетін болады. Бұл бағдарлама “қауіп-қатерге қарсы бірлескен келісім” деп аталады. Оған сәйкес, совет дәуірінен мұра болып қалған соғыс зымырандары мен олардың жарылғыштары және басқа да қауіпті материалдар залалсыздануға, бұзылуға немесе толығымен жойылуға тиіс.