Либерияның бұрынғы президенті сотқа жеткізілді

Либерияның бұрынғы президенті, соғыс қылмыстары бойынша айыпталған Чарльз Тейлор кеше Голландияға жеткізілді. Оның ісі енді осында орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық қылмыс сотында қаралмақ. Чарльз Тейлор соғыс қылмыстарын жасады, адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталған.