Адам хұқтары ұйымы бүгін хұқ қорғаушы екі белсендіні ұзақ мерзімге түрмеге жауып, тағы біреуін қамауға алғаны үшін Өзбекстан билігін сынады

Азамжон Фармонов және Алишер Караматовтың әрқайсысы маусымның 15-і күні 9 жылдан бас бостандықтарынан айрылған болатын. Ал одан кейін іле-шала Ұодгор Тұрлыбеков қамалған. Адам хұқтарын қорғаушылар Өзбек билігін басқаша ойлайтындарды түрмелерге қамау арқылы үндерін өшіргісі келеді деп айыптады.