Ауған ресмилерінің хабарлауынша, апта басында ұрланған 4 кісінің бассыз денелері табылған

Мәйіттер оңтүстіктегі Забул уалаятындағы екі ауылда жатқан көрінеді. Талиптердің өкілінің айтуынша, оларды АҚШ әскерилері мен Ауған үкіметіне шпиондық жасаған деген күдікпен өлтірген.