Президент Виктор Ющенко Юлия Тимошенконың канидатурасын бекітсе, мәселені парламентке шығару керек. Парламент мәселені келесі аптада қарамақ. Юлия Тимошенко кеше Киевте өткен баспасөз мәслихатында дауыс беру процедурасы сейсенбі-сәрсенбі күндері басталар деді. Демократиялық революцияны іске асырған партиялар үш ай келіссөзден кейін бейсенбі күні үкімет коалициясын құруға келіскен болатын.