Сауыд Арабиясында 42 исламшыл жауынгерлер ұсталды

Сауыд Арабиясында исламшыл жауынгерлерге қарсы жаппай науқан жүргізіліп, кеше 42 күдікті азамат ұсталды. Олардың арасында Ирақ азаматы бар, олар шөлді аймақта жасырыныпты. Жұма күні ел астанасы Риядта полиция қақтығыста алты күдікті азаматты атып өлтірген болатын. Осы қақтығыста бір полиция офицері қаза тапты.