Дарфур аймағында БҰҰ агенттіктерінің жұмысын тоқтатуға бұйрық берілді

Бұл бұйрықты Судан Сыртқы істер министрлігі жергілікті билікке жолдаған. Тек БҰҰ-ның ЮНИСЕФ және Әлемдік азық-түлік бағдарламасының ғана жұмыс істеуіне мүмкіндік берілмекші. Оның себебі БҰҰ тікұшағымен көтерілісшілер басшысының бірін алып жүрген екен. Ол басшы мамырдың 5-і күнгі бейбіт келісімге қол қоймаған, дейді министрлік.