Қайырымдылық ұйымының 5 қызметкерін іздеуге армия мен полиция жұмылдырылды

КАБУЛ. Ауғанстанда швециялық қайырымдылық ұйымының 5 қызметкері ұрланды. Барлығы да ауған азаматтары, олардың екеуі – дәрігерлер болатын. Олар Ауғанстанның шығысында бейсенбі күні ұрланған көрінеді, ол жайында тек кеше мәлім болды. Оларды іздеуге полиция мен армия жұмылдырылып отыр.