Ирақтағы Ресей елшілігі қызметкерлерін өлтіру сәті деп түсірілген бейнесуреттің шынайылығына Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Иванов күмән келтіруде

Ол суретті әл-Қайдаға қатысы бар топ интернет парақшаға жексенбі күні қойған болатын. Төрт ресейлікті маусымның 3-і күні тұтқындағандар Ресей өз әскерін Шешенстаннан шығарып әкетпегені үшін осы әрекет жүзеге асты, деп отыр.