Президент Джордж Буш пен вице президент Дик Ченей, американдық ақпарат құралдарын террористердің қаржылану жолын тексеру мақсатындағы халықаралық деңгейдегі миллиондаған қаржы операцияларын бақылап отырған АҚШ-тың құпия бағдарламасын баспасөзде жариялағанын сынға алды. Президент Буш бұл құпия ақпаратты ақпарат өкілдерінің жариялауы терроризммен күреске кәдімгідей кедергі келтірді деген.