Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Исламабадта Пәкістан басшылығымен кездеседі

Райс ханым жолға шығар алдында журналистерге берген сұхбатында, Құрама Штаттар Талибан жасақтарымен күресте Пәкістан мен Ауғаныстанның арасындағы ынтымақтастықты жақсырақ үйлестіруге көмектескісі келеді деген. Ол сондай-ақ, Ауғаныстан мен Пәкістан үкіметтері бірігіп жұмыс жасаса өздеріне тиімді болады деді.