Бүгіннен бастап Финляндия Еуропа Одағына келесі алты айға төрағалық ететін болады

Финнің премьер министрі Марти Ванханен Одаққа өз елінің төрағалығы кезінде назарға алынатын сыртқы мәселелердің бірі- Ресеймен қарым-қатынасты реттеу, энергетикалық саясат пен келешектегі кеңею жағдайлары болмақ деген. Ал, ол өзінің бірінші күнгі мәлімдемесін, Таяу Шығыстағы қақтығысқа арнады.