АҚШ Әл Қаиданың Ирақтағы жаңа жетекшісін ұстап бергенге $5 млн ұсынады

Құрама Штаттар Әл Қаиданың Ирақтағы жаңа жетекшісі Абу Аюб әл Масри туралы ақпарат үшін 5 млн доллар ақша беретінін мәлімдеді. Мемлекеттік департамент мәлімдегендей, әл Масри осыған дейін Ирақтағы АҚШ күштері әуеден соққы беріп өлтірген Абу Мусаб әл Зарқауидің жақын үзеңгілесі болған.