Бағдадта көлікке қойылған бомба жарылысынан кемінде 66 адам қаза болды

Бүгін Бағдадтың шиитер тұратын ауданында көлікке қойылған бомба жарылып, кемінде 66 адам қаза тауып, 98-ден аса кісі жарақат алған. Ирақтың Ішкі Істер министрлігінің ресмилері бомбаның халық көп жиналған базар маңындағы полиция бекетінде жарылғанын айтады. Құрбан болғандардың көбісі бейбіт тұрғындар, және арасында полиция қызметкерлері де бар. Бұл шабуыл осы аптада Ирақтағы бүлікшілдер жасаған ең қанды оқиға болып отыр.