Ресейде діни басшылар бас қосты

Мәскеуде 40-тан астам елдің діни басшылары 3-күндік саммитке жиналды. Конференцияда сөз сөйлеген Ресей президенті Владимир Путин дін халықтарды бөлмеуі керек деп мәлімдеді. Православ шіркеуі ұйымдастырған бұл жиында негізінен діннің қоғамдағы ролі мен моральдық құндылықтар жөніндегі мәселелер талқылануда.